Оразаның бірінші күнінде үйі өртеніп кетіпті (видео)

24.04.2020
Қаралды: 1165

Әлеуметтік желіге өздерінің тосыннан ауыр жағдайда қалғанын жариялаған мына әйел көпшіліктен жәрдем сұрайды. Әлдебір себеппен өрт шығып, үйін аз ғана уақыттың ішінде іске алғысыз етіпті. Барлық бөлмелерін қамтығанына қарағанда, «тілсіз жаудың» қуаты күшті болғанға ұқсайды. Үйінің іші күйелеш-күйелеш болып, жайрап жатыр.

 

«Үйім өртеніп кетті... Кеше, екі кештің арасында... Қызым үйге кіріп-шығып: «Свет өшті!» - деп жүргенде, аяқ астынан өрт шығып, 15 минуттың ішінде өртеніп кетті. Сау-тамтығы қалмады, төбесіне дейін құлады...

 

Қазақ елінен көмек беруін сұранамын... Ойламаған жерден осылай болды, барар жер, басар тауым қалмады. Көмек берулеріңізді сұранамын», - дейді ол солығын баса алмаған күйі.

 

 

Гүлжия Қожахметқызы Тойғанбаева есімді бұл әйел жеке бас куәлігі мен есеп-шотын жариялап отыр. Жанашыр адамдардан көмек күтеді. Байланыс телефоны: 8-702-352-81-54.

 

«Тілсіз жау» бұл отбасын осындай күйге түсіріпті. Жұрттың бәрі карантин деп үйінен шықпай, өзгені де кіргізбей отырған кездегі бұлардың күйі аса аянышты. Қайда барып паналарын білмей, шарасыз күйде қалған мұңлықтарға шұғыл көмек керек. Елдігімізді көрсетіп, қол ұшын созайық, ағайын!

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ