Қозықұйрықтың бағасы удай боп тұр

24.04.2020
Қаралды: 151

Қозықұйрықтың маусымы басталды! Ақтастың, Қазығұрттың, Шаянның, даланың, таудың қозықұйрықтары...

 

Қозықұйрықтар көктемде жерге көк шыға бере, жаңбырдан соң бой көрсете бастайды. Алладан әмір күтеді. Күн күркірегені "шығыңдар" деген команда. Жаратқан иеміз қыстан ағзамыз әлсіреп, авитаминоз болып шыққан адамдарға күш қуат болсын деп қозықұйрықты жаратқан. Белокқа бай, өзі жұмсақ болса да, жерді жарып шығатын қуатқа ие қозығұйрықты жеп, әрі қарай, көкке, ілініп кетеміз.

 

Биыл қозықұйрық қымбат, базардың өзінде 1200-1300 теңге болып тұр. Жақсылап бір қуырып жеу үшін 3 килодай алу керек. Шаянның қозықұйрығы - бренд! Бүгін біреу хабарласып, Шаянның қозықұйрығы 2400 деді... Доллар көтеріліп кетті дейін десең, егіп, суарып жатқан жоқ, тек теру. Карантиннің әсері ау дедім. Амал жоқ, алып жейміз да енді.

 

Бір қызығы, жертөледе, подвалда қозықұйрық өсіретіндер өздерінше қулық жасайды екен. Жаңбырды да, найзағайды да қолдан жасайды. Тіпті күннің күркіреген даусын да дауыскүшейткішпен шығармаса, еккен ұрықтары команда күтіп шықпайды екен. Құдайдың құдыреті!

 

Бірақ табиғи, таза өнім - даланың қозықұйрығына не жетсін! Ораза кезінде тамақ, ас туралы жазды деп ренжімеңіздер, өзімнің де аузым берік. Ниет қабыл болсын бәріңізге! Алланың рахымымен мына қиын кезеңнен тезірек, аман шығайық.

 

Батырхан ДӘУРЕНБЕКОВ.

(Әлеуметтік желідегі парақшасынан).

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ