Шымкент қаласында тағы 1 адам қайтыс болды

24.04.2020
Қаралды: 229

Бүгін Шымкент қаласында коронавирус індетін жүұтырған бір азамат көз жұмды. Ол - 1968 жылғы, Шымкент қаласы, Абай ауданының тұрғыны.

 

20 сәуірде Шымкент қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасының реанимациялық бөліміне жатқызылды.

 

Ауруханаға түскен кезде, науқастың ауыр жағдайына байланысты, ӨЖЖ аппаратына қосылды.

 

Науқаста дилатациялық кардиомиопатия, жүрекше фибрилляциясы, артериялық гипертензия, созылмалы жүрек жетіспеушілігі, қант диабеті сияқты ілеспе аурулары болды.

 

Емдеу хаттамаларына сәйкес, науқасқа барлық қажетті емдеу шаралары жүргізілді. Бірнеше рет республикалық мамандармен кеңес өткізілді. Жүргізілген реанимациялық іс-шараларға қарамастан, 23 сәуірде сағат 20:30-да науқас қайтыс болды.

 

Науқаспен байланыста болған барлық азаматтар оқшауланып, карантинге алынды.

 

Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасы.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ