Президент қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады

24.04.2020
Қаралды: 216

Құрметті отандастар!

 

Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

 

Бұл – бүкіл әлемдегі мұсылман қауымы үшін рухани жаңару мен жаңғыру кезеңі.

Рамазан айында әрдайым ырыс пен ынтымақ, ізгілік пен мейірім салтанат құрады. Отыз күн оразада мұқтаж жандарды қолдап, қайырымдылық көрсету игі дәстүрге айналды.

Өкінішке қарай, биылғы Рамазан айы төтенше жағдай ке­зеңіне тұспа-тұс келіп отыр. Сондықтан жамағатты Қа­зақ­стан мұсылмандары діни басқармасының ұсынымдарын орын­дауға, індетке қарсы күресте бірлік пен жауапкершілік та­нытуға ша­қыра­мын.

Біз, Қазақстан халқы, қанымызға сіңген қадір-қасиеттің ар­қасында кез келген сынақтан абыроймен өтеміз деп се­немін.

Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс ті­леймін!

 

24 сәуір 2020 жыл.

"Замана"-ақпарат.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ