АҚШ Қазақстанға медициналық жабдықтар жолдады

24.04.2020
Қаралды: 992

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәліметі бойынша, коронавирус пандемиясына қарсы күресуде көмек ретінде АҚШ Қазақстанға медициналық жабдықтар жолдады.

 

«АҚШ Қорғаныс министрлігі жанындағы Әскери қауіпті азайту жөніндегі агенттігі Қазақстанға медициналық бұйымдар мен жабдықтарды жолдады. Бұл тегін көмектің ішіне жеке қорғаныс құралдарының көп рет қолданылатын жиынтығы кіреді – комбинезон, маска, қолғап, көзілдірік. Коронавирус індетіне қарсы күрес бойынша тығыз ынтымақтастықты жалғастыра отырып, Қазақстан Сыртқы істер министрлігі, «СҚ-Фармация» ЖШС және Нұр-Сұлтандағы АҚШ Елшілігінің өкілдері гуманитарлық жүкті қабылдап алуға қатысты», - делінген министрлік ақпаратында. Атап өтілгендей, «СҚ-Фармация» ЖШС COVID-19 індетімен күресу үшін Қазақстанға ұсынылатын барлық гуманитарлық көмекті алу және бөлу жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.

 

"Замана"-ақпарат.

Пікір қалдыру

1000 символ