Қазақстанда күзде коронавирус екінші рет өршуі мүмкін

24.04.2020
Қаралды: 279

Қазақстандық эпидемиологтар осы күзде елімізде коронавирустың екінші рет өршуі мүмкін екенін болжап отыр.

 

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен видеоконференция өткізген эпидемиолог-ғалымдардың пікірінше, коронавирус инфекциясы күзде тұмаумен бірге қайта өршуі ықтимал. Сарапшылар осы себепті халықтың көбіне тұмауға қарсы вакцина жасалуы керектігін айтады. «Маусымдық гипотезаны қазір ешкім жоққа шығарып отырған жоқ. Маусымдық жағдайда тұмау қатты жүрмеуі ықтимал. Тиісінше жазда эпидемия жалғасуы мүмкін. Күзде де ол ары қарай кездесе береді», - дейді С.Аспендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетінің зерттеу жұмыстары бойынша проректоры Бауыржан Жүсіпов. COVID-19 ауруын зерттеу үшін қазақстандық ғалымдар биоматериалдар банкін құруды ұсынып отыр. Телеарнаның хабарлауынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандарды сан жағынан алтыншы хаттамамен емдеуде. Ғалымдармен кездесу барысында министр Ұлттық инфекциялық аурулар орталығын құру туралы сөз қозғаған.

 

"Еуразия бірінші арнасы".

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ