Блок-бекеттен адамдарды ақшаға өткізіп жүрген полиция қызметкері ұсталды

24.04.2020
Қаралды: 176

Жемқорлыққа қарсы агенттіктің өкілдері шымкенттік полицейлердің адамдарды блокбекеттен ақшаға өткізіп жүргенін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Ведомство мәліметінше, жол-патрульдік полицейге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

 

"Полиция қызметкері төтенше жағдай режимі кезінде ЖШС өкілінен оның блокбекеттен кедергісіз өтуі үшін және әкімшілік жазаға тартылмауы үшін 25 мың теңге мөлшерінде пара алған", - деді агенттік аппаратының басшысы Қуаныш Жапақов.

 

Сондай-ақ, Түркістан облысында да полиция қызметкерінің пара алғаны белгілі болды.

 

"Ол Түркістан облысы тұрғындарынан көшеде жаяу жүру үшін және "Таскешу" блокбекетінен өту үшін 15 мың теңге пара алған", - деді Жапақов.

 

Tengrinews.kz.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ