Жарна төлеу уақытша тоқтатылды

24.04.2020
Қаралды: 221

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры шағын және орта бизнес өкілдері үшін жасалған жеңілдіктер туралы былай түсіндірді:

 

«Олар жұмыс берушілер ретінде 2% мөлшерінде жарналар төлемейді, сондай-ақ 1% жарна өз қызметкерлерінің жалақысынан ұсталмайды. Осылайша, 1 миллионға жуық азамат МӘМС үшін төлемнен босатылады: бұл осы салалардағы жұмысшылардың жалпы саны. Алайда, олардың барлығы қажетті медициналық көмекті толық көлемде ала алады, олар үшін қор төлейді».  

 

Жеке кәсіпкерлер де өз жұмысшылары үшін аударымдардан 2020 жылдың 1 қазанына дейін босатылады, бірақ жеке кәсіпкер 2020 жылғы 1 маусымға дейінгі кейінге қалдырылудан соң өзі үшін төлеуге мәжбүр болады.

 

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ