Шекті бөлшек сауда бағалары бекітілді

22.04.2020
Қаралды: 376

Төтенше жағдай әрекет ету кезеңінде Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағалары бекітілді:

 

- I сұрыпты бидай ұны – 166 тг/кг;

- І сұрыпты ұннан жасалған бидай наны – 146 тг/кг (73 тг. қалыпты бөлке нан);

- рожки (өлшеніп салынатын) – 212 тг/кг;

- қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын) – 318 тг/кг;

- тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын) – 272 тг/кг;

- сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі) – 1904 тг/кг;

- тауық жұмыртқасы (I санатты), 10 данасы – 305 тг/кг;

- күнбағыс майы – 422 тг/л;

- ас тұзы ("Экстра"- дан басқа) – 51 тг/кг.

 

Дүкендердегі тауар ассортиментінің кемінде бір түрі белгіленген бағадан аспауы тиіс.

 

"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V Кодексінің 202-бабына сәйкес ішкі сауда субъектілері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағаларын асыра пайдаланса 100 АЕК мөлшерінде айыппұл, бір жыл ішінде кайталанса 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

 

Көрсетілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларынын  кем дегенде бір түрінің бағасы осы бағадан аспауы қажет. 

 

Егер азық-түлік бағасына қатысты ұсыныс, шағымыңыз болса, WhatsApp арқылы 87781361847 номеріне мекен-жайын көрсетіп жолдасаңыз болады. Немесе Call centr 39-50-55 номеріне хабарласа аласыз.

 

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ