Жолшыбек Шайхсламов - басқарма басшысы

22.04.2020
Қаралды: 330

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Шайхсламов Жолшыбек Мұхтарұлы қалалық энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды.

 

Жолшыбек Мұхтарұлы 1965 жылы туған. Білімі жоғары, мамандығы бойынша өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс.

 

Еңбек жолында еліміздегі түрлі құрылыс компанияларында шебер, бригадир және директор қызметтерін атқарған. Бұдан бөлек, «Кедентранссервис» АҚ-да техникалық директор, ірі электр компаниясы болып табылатын «Alageum Electric» АҚ–ның басқарушысы, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бөлім бастығы, орынбасары болып еңбек еткен. 2019 жылдың қаңтарынан бүгінгі күнге дейін ҚР Президенті Іс Басқармасының «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» РМК-нің директоры лауазымын атқарған.

 

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ