Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы тағайындалды

21.04.2020
Қаралды: 239

Түркістан облысының әкімі Ө. Шөкеевтің өкімімен Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы болып Пашимов Марат Орынбасарұлы тағайындалды.

 

Марат Пашимов 1981 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданында туылған, білімі жоғары, мамандығы - емдеу ісі және жергілікті мемлекеттік басқару. Медицина ғылымдарының кандидаты.

 

Еңбек жолын 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы кардиологиялық орталықта медаға болып бастаған.

 

2005-2015 жылдары аралығында облыстық клиникалық ауруханасында дәрігер-анестезиолог, реанимация бөлімінің меңгерушісі, телемедицина меңгерушісі, бас дәрігердің ұйымдастыру-әдістемелік және ТЖ жөніндегі орынбасары лауазымдарын атқарған.

 

2015-2017 жылдары №3 Шымкент қалалық емханасының бас дәрігері болып қызмет етті.

 

2017 жылдың қаңтар айынан бастап Түркістан облысы клиникалық ауруханасының бас дәрігері болып еңбек етіп келді.

 

Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасын осы күнге дейін басқарып келген Егізбаев Мұқан Кеңесбекұлы өз еркімен қызметінен кетті.

 

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ