Болат Жәмішев - әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы

21.04.2020
Қаралды: 121

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының директорлар кеңесін Болат Жәмішев басқаратын болды. Бұған дейін директорлар кеңесін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов басқарған болатын.

 

Ресми хабарламада былай делінген: "17 сәуірде өткен директорлар кеңесінің отырысында белгілі экономист Болат Жәмішев қордың төрағасы болып сайланды. Бұған дейін бұл лауазымды атқарған Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қордың директорлар кеңесінің құрамында қалады".

 

Сондай-ақ, қазіргі уақытта ӘМСҚ директорлар кеңесінің құрамына: басқарма төрағасы - Болат Жәмішев, тәуелсіз директорлар - Ораз Жандосов, Гинтарас Кацявичюс, Жақсылық Құлекеев, Юлия Якупбаева, Болат Бабенов, ал басқарма мүшелері - Елжан Біртанов, Берік Шолпанқұлов және Айбатыр Жұмағұлов кіреді.

 

Болат Жәмішевтің жаңа қызметтегі жалақысы 200 мың теңгеден аспайды. Осы ақшадан табыс салығы, зейнетақы және әлеуметтік аударымдар, сондай-ақ, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары ұсталады.   

 

Атап өтер жайт, Болат Жәмішев бұған дейін біраз жылдар бойы қордың тәуелсіз директоры болып келген. Ол осы жылдар ішінде ҚР Ішкі істер вице-министрі, ҚР Қаржы министрінің бірінші орынбасары, ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары, ҚР Қаржы министрі, Қазақстан Даму банкі басқарма төрағасы қызметтерін атқарды.

 

"Замана"-ақпарат.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ