Вирус жұқтыру қаупі басым 5 жағдай

21.04.2020
Қаралды: 206

5. Қоқыс төгуге шығу. Далада ұзақ жүрмей, қолдағы қоқыс қапшығын тастай сала кері қайтты дегеннің өзінде, вирус жұқтыру қаупі жеткілікті екен. Себебі бұл жерге қоқыс қалдыруға талай адам келеді, әр түрлі заттарды тастайды. Ал вирус қатты заттардың бетінде 24 сағат сақталады екен. Одан бөлек, шаң-тозаңы көп жерде вирус тозаңының өмір сүру ұзақтығы арта түсетін көрінеді.

 

4. Итті серуенге шығару. Әдетте бұл жағдайда адам еріксіз есік тұтқалары, тепкішек жақтауларын бұрынғыдан әлдеқайда жиі және ұзақтау ұстауға мәжбүр. Одан бөлек, әр жерді тіміскілеп жүретін ит табандарын залалсыздандырмайтыныңыз анық қой. Иттің жүні де белгілі бір дәрежеде шаңмен бірге вирус тозаңын «жұта» алады.

 

3. Көлікке жанармай құю кезі. Сізге дейін және кейін қанша адам және кімдердің ұстағаны белгісіз «автоматтың» дәріленгеніне сенімдісіз бе? Онсыз да микроб пен бактерияның ошағы саналатын оның ешкімге елеусіз жағдайда вирус жұқтыру көзі болуы әбден мүмкін.

 

2. Дүкенге бару. Бұл енді адамдардың белгілі себептермен және іш пысқанда сыртқа шығуды сылтау етіп бас сұғатын жері. Ол жақта, ең алдымен, ауа айналымы жоқ екенін еске алыңыз. Сосын дүкендерде арақашықтық әрдайым сақтала бермейді. Мың жерден маска тақсаңыз да, ол жерде алатын затыңызды қолмен ұстайсыз. Заттар салатын себет көтересіз. Төлем жасау үшін ұсынатын карточкаңыздан ақша «ұстап қалатын» құрылғы да әр төлем сайын дәріленбейтіні ақиқат. Жеке карточкасын да ешкім спиртпен сүртіп жатпайды.

 

1. Дәріханаға кіру. Аурудан азат мекен деп алдымен соны айтқымыз келеді. Бірақ дәріханаға әдетте адам тектен тек бас сұқпайды. Жөтелген де, тұмауратқан да, мазасы қашқан адамның ең алғаш бас сұғатын орны – дәріхана! Ал ол жердегі вирус қонақтауы мүмкін сөре, шыны, тұтқа, ақша қабылдайтын құрылғылар әр клиент сайын дәріленбейді ғой.

 

Қазақ тіліне аударған – Д. ӨМІРБЕК.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ