42 500 теңгені қайтару қажет пе?

20.04.2020
Қаралды: 147

Төтенше жағдай режимі кезінде табысынан айырылып қалғандар мен жұмыссыздарға, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға 42 500 теңгеден көмек белгіленіп, кейін оған тапсырыс берушілердің басым көпшілігінің аталған ақшаға қолы жетіп жатыр. Алайда, арада біраз уақыт өткен соң, ел ішінде төтенше жағдай режимі аяқталған соң, 42 500 теңге алған барлық азаматтарды жаппай тексеру жұмыстары жүргізіліп, кімнің заңды-заңсыз алғанын анықтап, үлкен мөлшерде айыппұл төлейді деген ақпарат тарап кетті. Осы ақпараттан соң бірқатар адам алған ақшаларын қайтадан қайтарып үлгеріпті де. Осыдан туған мәселе жайлы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов былай деді:

 

"Ештеңені қайтарудың қажеті жоқ. Егер ақшаны алуға құқығыңыз болған болса, ешкім қайтаруды талап еткен жоқ. Ешкімге қайтарудың қажеті жоқ. Бүгінде біз айтып жатқан жалғыз айқын қате, бұл өз қызметкерлерін жалақысы сақталмайтын демалысқа жібермеген жұмыс берушілер мен жалдамалы жұмысшылар. Қайтару немесе қайтармау мәселесі соларға ғана қатысты болуы мүмкін".

 

Сондай-ақ, министр 42500 теңге алғаны үшін ешкімнің қылмыстық жауапқа тартылмайтынын тағы атап өтті.

 

"Осыған нүкте қояйық. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ешқашан қылмыстық жауапкершілік мәселесін көтермейді. Біз әрдайым тек жауапкершілік туралы, өтініш берген кезде жауаптылықпен қарауларыңыз керектігін айттық. Өтінішті тек төтенше жағдайға байланысты табысынан, айлығынан нақты айырылғандар ғана беруі тиіс", - деп түйді министр.

 

Бүгінгі күнге дейін 42 500 теңге көлеміндегі ақшаныі 3,9 миллион қазақстандық алған екен.

 

"Замана"-ақпарат.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ