Арман Шораев қолхатпен босатылды

20.04.2020
Қаралды: 284

Өткен аптаның соңында қоғам белсендісі Арман Шораевты полиция қызметкерлері "Төтенше жағдай режимі кезінде жалған ақпарат таратты" деген себеппен қамауға алған еді. Ал бүгін оның адвокаты Джохар Утебеков Арман Шораевтың ешқайда шықпау жайлы қолхат жазып шыққанын мәлімдеді. Сондай-ақ оның ісі әлі осымен аяқталмады.

 

Арман Шораев Қарағанды қаласында ұсталып, Алматыдағы уақытша ұстау изоляторына жеткізілген болатын.

 

"Замана"-ақпарат.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ