Арман Шораев қамауға алынды

18.04.2020
Қаралды: 444

Бүгін Қазақстан журналистері Конгресі атқарушы комитетінің мүшесі Арман Шораев Қарағанды қаласында полиция қызметкерлерімен ұсталды. Оған елімізде белгіленген төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат таратты деген айып тағылды.

 

Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Азамат Шораев А.Т. әлеуметтік желілер арқылы шындыққа жанаспайтын көпе-көрінеу жалған ақпаратты бірнеше рет таратқан. Оның бұл әрекеті ҚР ҚК 274 бабының 4 бөлігі бойынша жаза көзделетін – Төтенше жағдай кезінде көпе-көрінеу жалған ақпарат тарату қылмысының белгілері бойынша қозғалған қылмыстық іс деп танылды.

 

Арман Шораев өз әрекетімен қоғамдық тәртіпті бұзу қаупін тудырып, төтенше жағдай кезінде заңмен қорғалатын қоғам мен мемлекет мүддесіне айтарлықтай нұқсан келтірген. Қазіргі таңда  Шораев А.Т. Қарағанды қаласының тергеу абақтысына қамалды. Тергеу жалғасуда.

 

Естеріңізге сала кетейік, Арман Шораев – ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық кеңестің БАҚ жөніндегі (ақпараттық саясат) экс-мүшесі.

2006 жылы – "Хабар" Агенттігі" АҚ Бас директорының орынбасары;

2006-2007 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінде әлеуметтік-саяси бөлімінің бас инспекторы;

2007-2014 жылдары "Коммерциялық телевизиялық арна" АҚ (КТК) бас директоры.

 

Ал белгілі кәсіпкер, қоғам белсендісі Марғұлан Сейсембай осы оқиғаға орай өз парақшасында былай деп пікір білдірді:

 

"Арман Шораевты жалған ақпарат жариялағаны үшін абақтыға қамады. Мен оған сенбеймін. Ондай "қылмысы" болса да, оны абақтыға қамап не қажеттігі бар? Ол соншама қауіпті ме? Үй қамауында да ұстауға болатын еді ғой! Кеше Әлнұр Ильяшев, бүгін Арман Шорай. Белсенділерді жауып жатыр. Соған қарағанда, жоғарыда бірдеңе болып жатқан сияқты".

 

("Замана"-ақпарат).

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ