Шымкентте карантиндік шаралар күшейтілмек

18.04.2020
Қаралды: 284

Бүгін 18 сәуірден 19 сәуірге қараған түні сағат 00-00-ден бастап Шымкент қаласында карантиндік шараларды күшейту жұмыстары басталады. Атап айтқанда, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Әбдіманап Төлебаевтың 18 сәуір күнгі №11 қаулысына сәйкес, қала тұрғындарының өмірі мен денсаулығын қорғау, Шымкент қаласы бойынша коронавирустық инфекцияның асқынуы бойынша, қаланың барлық аумағында 2020 жылдың 18 сәуірі сағат 00-00-ден бастап 01.05.2020 жылы сағат 07-00-ге дейін төмендегідей шектеулер енгізіледі:

 

  • айырбастау пункттерінің, микрофинанстық ұйымдардың қызметін онлайн жұмыс режиміне және «клиенттерге дейін жеткізу» принципі бойынша көшіру арқылы тоқтатылады;
  • қоғамдық көліктердің жұмысы тоқтатылады;
  • Шымкент қаласының полиция Департаментінің, Ішкі істер Министрлігінің Ұлттық гвардиясының, Қорғаныс Министрлігінің әскери құрылымдарының күштерімен карантиндік аумақтар патрульденеді;
  • 65 жастан асқан азаматтар мен 18 жасқа толмаған азаматтар тұрғын үйден ересек адамның сүйемелдеуінсіз шығуына тыйым салынады;
  • карантин режимін сақтамаған тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

 

"Замана".

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ