Шымкент қаласында тағы 11 науқас тіркелді

18.04.2020
Қаралды: 116

Ауру жұқтырған азаматтар - 1956ж, 2004ж, 1978ж, 1981ж, 1977ж, 1992ж, 1967ж, 1946ж, 1969ж, 1968ж, 1979ж, барлығы да - Шымкент қаласының тұрғындары. Олар коронавирустық инфекция жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.  Ауру жұқтырған 11 азамат - екі отбасының мүшелері.

 

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19  диагнозы нақтыланды.

 

Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.    

 

Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.

 

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. Осыған  байланысты үш ошақ анықталды: "Самал 2" шағын ауданы,  Тассай тұрғын алабы және Түркістан облыстық психикалық денсаулық орталығы.

 

18.04.2020 жылы жағдай бойынша Шымкент қаласында COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 57 адам анықталды.

 

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ