Бүгінгі күннің бәдік өлеңі (Видео)

18.04.2020
Қаралды: 197

Қазақ ауыз әдебиетінде бәдік өлең деген бар. Оны халық ел ішін түрлі індет жайлаған кезде айтқан. Сол арқылы пәлекетті аластап, аман қалудың қамын қылған. Яғни бұл да наным-сенімнің бір түрі.

 

 

Әлемді тәж-вирус жайлап, ел көңілі күпті болып тұрған қазіргі кезде сол бір көне дәстүрді жаңғыртып, бәдік өлең шығарып айтып жүрген адамдарды да кездестіретін болдық. Оларды еш айыптамаймыз, себебі олардікі тек ізгі ниет қана ғой.

 

Сондай өлеңнің бірі бізге жақында "Уатсап" желісі арқылы келіп түсті. Оны орындаушы - Әзімқұлова Әділет Срадинқызы. Кезінде аудандық мәдениет үйінде қызмет атқарған, кейіннен тігінші, кәсіпкер болған бұл кісі қазір зейнеткер. Түркістан облысы, Келес ауданындағы "Әжелер алқасы" қоғамдық ұйымының төрайымы.

 

Ал енді Әділет апаның орындауындағы бәдік өлеңнің авторы - ол кісінің құдай қосқан қосағы Бердалы Рысбеков. Ол кісі де зейнеткер, бірнеше кітабы жарық көрген ақын әрі балалар жазушысы.

 

Міне, қазіргі қиын-қыстау кезеңде нақ осы шаңырақта дүниеге келген бәдік өлең бүгінде ел ішінде "хит" болып тұр.

 

Бәдік өлеңді Сіздер де тыңдай отырыңыздар!

 

"Замана".

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ