Түркістан облысында карантин режимі енгізілді

18.04.2020
Қаралды: 386

2020 жылдың 18 сәуірден 19-сәуірге қараған сағат 00-00-ден бастап Түркістан облысында карантин режимі енгізілетін болды. Бұл жайында Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Нышанов Нұрбек Садықбекұлының 17-сәуір күнгі "Түркістан облысының аумағында карантин режимін енгізу туралы" №13-қаулысында көрсетілген.

 

Осы қаулы бойынша, Түркістан облысының аудан және қала әкімдеріне 2020 жылдың 18 сәуірі 24.00 сағаттан бастап төтенше жағдайдың соңына дейін Түркістан облысының аудан және қалаларының аумағында ерекше шарттарымен шаруашылық және өзге де қызметтерге карантин режимі енгізу қажеттігі тапсырылды. Сондай-ақ аудан және қала әкімдері, мемлекеттік органдардың, құқық қорғау және арнайы органдардың басшылары төмендегі шараларды Түркістан облысының аумағында енгізілуді және орындалуын бақылауды қамтамасыз ету керектігі айтылады.

 

1) Транзиттік автокөлікті, сондай-ақ Түркістан облысының өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының үздіксіз жұмыс істеуін және тіршілік етуін қамтамасыз ету үшін азық-түлік тауарлары, дәрілік заттар, медициналық бұйымдар, дезинфекциялық заттар, өндірістік тауарлар мен материалдар бар автокөлікті және кіріп - шығуға рұқсаты бар азаматтар мен көлікті қоспағанда (Осы Қаулының №1, №2 қосымшасына сәйкес), Түркістан облысының аумағына (аумағынан) автокөлік құралдарының барлық түрлерінің және азаматтардың келуіне және шығуына тыйым салынсын;

 

2) Тұрғындардың өмір сүруін қамтамасыз етуге, құрылыс және егін жұмыстарына қамтылған автотранспорттарды қоспағанда, облыс тұрғындарының қалалар, аудандар, елді мекендер арасында қатынауына тыйым салынсын (азық-түлік, дәрі-дәрмек, дезинфекциялық заттар, құрылыс материалдарын тасымалдайтын жүк және жеңіл транспорт құралдары, сонымен қатар төтенше жағдай режиміне қамтылған арнайы және қызметтік көліктер);

 

3) Өмірлік көрсеткіштеріне қарай жедел медициналық көмек қажет етілетін, жоғары технологиялық медициналық қызмет алуға квотасы бар тұлғаларға облыс аумағына кріп-шығуға рұқсат етілсін;

 

4) Көрші аймақтармен шекарадағы санитарлық блок-посттарды күшейту (Жамбыл, Қызылорда облыстары, Шымкент қаласы);

 

5) Қалааралық жолаушылар тасымалдау тоқтатылсын;

 

6) Автовокзалдар мен автостанциялардың қызметі тоқтатылсын;

 

7) Қалалық қоғамдық көліктің қозғалысы тоқтатылсын.

 

8) Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшыларына, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан,  заңды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлер мен жеке тұлғаларға (адамдар көп жиналатын объектілердің меншік иелері мен жалға алушыларына) қызметкерлер қашықтықтан жұмыс режиміне көшірілсін.

 

9) Шектеу шараларын жүргізуге тартылған қызметтердің биологиялық қауіпсіздік режимін сақтай отырып, блок-посттарда жеке қорғаныш құралдарымен, қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етіліп, жеке бас гигиенасын сақтауға жағдай жасалсын;

 

10) Түркістан облысының қалалары мен елді мекендерінде дезинфекциялық режим күшейтілсін:

          - емдеу мекемелеріне карантин қойып, бөлімшелерді, палаталарды, емдеу бөлмелерін, оперциялық бөлмелерді күніне 2 рет кварцтау және дезинфекция жүргізілсін;

          - тротуарлар, жолдар және оларға іргелес аялдама кешендері, жол қиылыстары, сауда алаңдарының сыртқы элементтері мен учаскелерін (азық-түлік дүкендері) – кестеге сәйкес өңдеу;

          - тұрғын үй кварталдарының кіреберістері мен аула аумақтарын – кестеге сәйкес және Түркістан облысының аудандық және қалалық әкімдіктерінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерінің басшылығымен өңдеуді қамтамасыз ету.

 

Әрбір аудан бойынша аумақты өңдеудің жалпы кестесін Түркістан облысының аудан, қала әкімдері және олардың аппараттары және дезинфекциялық өңдеуге тартылған басқа да ұйымдар жасайды, бір күндік мерзімде тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аумақтық басқармаларына келісуге ұсынады.

 

Дезинфекция жүргізу кезінде денсаулыққа зиян келтірмеу үшін өңдеуден кейін 5 сағат ішінде көшеге шығуға  тыйым салынады.

 

11) Облыс аумағында маска кию режимі енгізілсін. Облыс тұрғындары мен қонақтар масканы үнемі тағып жүруі міндетті, әсіресе қоғамдық көліктерде, адамдардың көп жиналатын орындарында (бөлмелерде, кәсіпорындарда, мекемелерде, базарларда, сауда объектілерінде).

 

12) Облыс аумағында карантин әрекеті кезеңінде салтанатты жанұялық шараларға тыйым салынсын (туылған күндер, үйлену тойлары, құдалық және басқа 3 адамнан артық жиналуы мүмкін шаралар)

 

13) Келесі жағдайларды қоспағанда, облыс бойынша қозғалысты шектеу:

13.1) уақытша тіркеуді қоса алғанда, тіркеу туралы мәліметіне сәйкес тұрғылықты мекен-жайына жақын жерде орналасқан дүкендерден және дәріханалардан азық-түлікті, бірінші кезекте қажетті заттарды, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуды, медициналық көмекке жүгінуді, сондай-ақ күтпеген ТЖ және адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін басқа да жағдайларды қоспағанда, аса қажет болмағанда тұрғын үйден шығуы шектелсін;

13.2) отбасы мүшелерін қоспағанда, үш адамнан аспайтын топтармен жүруі шектелсін;

13.3) кәмелетке толмағандардың, ата-аналарының қадағалауынсыз жүруіне тыйым салынсын;

13.4) 65 жастан асқан азаматтарға өзін-өзі оқшаулау режимі сақталсын;

13.5) мүгедектер мен 65 жастан асқан азаматтарға азық-түлік пен дәрі-дәрмекті жеткізіп беру үшін еріктілерді ұйымдастыру;

13.6) Кәсіпорын қызметін көрсете отырып, жұмыс орнынан анықтамасы болған жағдайда (немесе қызметтік куәлік) тұрғылықты мекен жайынан жұмыс орынына бару және қайту.

 

Қаулының №3 қосымшасына сәйкес қызметпен айналысатын ұйымдарды және құрылыс, ауыл шаруашылығы, жұмыспен қамту жол картасы, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын  қоспағанда, барлық ұйымдардың (меншік нысанына қарамай) қызметі тоқтатылсын.

 

Қоғамдық орындардың жұмысы тоқтатылсын: саябақтар, скверлер, жағалаулар, балалар ойын алаңшалары және басқа азаматтардың демалыс орындары.

 

Сауда объектілері мен қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысы шектелсін (санитариялық және дезинфекциялық режимді күшейте отырып):

 

1) азық-түлік дүкендерінің жұмысы сағат 09.00-ден сағат 20.00-ге дейін шектелсін;

 

2) қоғамдық тамақтану обьектілері: мейрамханалар, барлар, кафелер, асханалар жұмысы азаматтардың осындай кәсіпорындарға бармай, өз бетінше шығару немесе тапсырыспен жеткізу режимінде сағат 08.00-ден сағат 22:00-ге дейін, жеткізу барысында санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, сонымен қатар дайын тағамдарды дайындау орындарында келесі талаптарды сақтай отырып шектелсін:

2.1) персоналдың жұмыс кезінде арнайы киімді, бір рет қолданылатын қолғаптар мен маскаларды пайдалануы (маскаларды 3 сағатта 1 реттен кем емес ауыстыру);

2.2) жіті респираторлық жұқпалар көрінісі бар (жоғары температура, жөтел, тұмау) қызметкерлерді жұмысқа жібермеу;

2.3) жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін (немесе кемінде 6 сағаттан кейін) есік тұтқаларын, тұтқаларды, стеллаждарды дезинфекциялайтын салфеткалармен (немесе дезинфекциялайтын құралдардың ерітінділерімен) сүрту арқылы дезинфекциялайтын құралдарды қолдана отырып үй-жайларды желдету және ылғалды тазалау.

 

Құқық қорғау органдары меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың осы қаулыны мүлтіксіз орындауын қамтамасыз етсін.

 

Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасы:

 

1) созылмалы аурулары бар науқастардың үйде медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыра отырып, бастапқы медициналық- санитариялық көмек көрсететін ұйымдарға баруын шектесін. Осы ұйымдардың жұмысын тек ауыр сырқаты бар науқастар үшін қамтамасыз етсін.

 

2) Эпидемияға қарсы режимді сақтай отырып, КВИ-мен ауыратын науқастарды және күдікті адамдарды оқшаулау үшін инфекциялық  стационарларда  бөлек  төсектермен қамтамасыз етілсін  және індетке қарсы іс-шаралар күшейтілсін;

 

3) Іс-әрекеті КВИ-ға күдікті науқастарды қараумен, тасымалдаумен, ошақтағы жұмыспен, емдеуге жатқызумен, емдеумен және оларға қызмет көрсетумен байланысты медицина қызметкерлерінің және персоналдың қорғаныш дәрежесі жоғары маскалармен немесе респираторлармен қамтамасыз етілсін;

 

4) Қажетті дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен жеткілікті қамтамасыз етілсін;

 

5) Ауруды ерте анықтау мақсатында КВИ жұқтырған науқас тіркелген  аудан, қала  аумағында  үйме  үй  аралау жұмыстарының жүргізілуі қамтамасыз етілсін.

 

«Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Түркістан облысы бойынша филиалының директорына, «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Түркістан облысы филиалының «Дезинфекция орталығы» директорына:

 

1) КВИ-мен науқастар және байланыста болған адамдарды зертханалық тексерілсін.

2) КВИ ошақтары дезинфекциялық өңделсін.

3) КВИ науқастарынан үлгілерді алуға арналған зертханалық шығыс материалдарының, тест жүйелердің, полимеразды-тізбекті реакция, вирусологиялық зерттеулер, молекулярлық-генетикалық зерттеулер жүргізу үшін диагностикумдардың төмендейтін қоры қамтамасыз етілсін.

 

ҚР ІІМ ҚАЖК Түркістан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшысына:

 

1) шектеу іс-шараларын (келуге тыйым салу бойынша карантин) енгізу және ІІО және ҚАЖК (тергеу изоляторлары, колониялар және т.б.) арнайы мекемелерінің объектілерінде күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді қамтамасыз етсін.

 

Түркістан облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 3 сәірдегі №10 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

 

"Замана".

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ