Шымкент қаласында 9 адам емделіп шықты

17.04.2020
Қаралды: 263

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Бекбауова БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте жақсы жаңалық жайлы мәлімдеді. Ол кісінің хабарлауынша, бүгін Шымкент қаласында ауруханадан 9 адам емделіп шықты. Олардың барлығы да – бір отбасының мүшелері.

 

«Атап айтқанда, дерттен жазылған 9 адамның ішінде: 7-і – ересек және 2-і – бала, олардың біреуі – 1 жасқа дейінгі бала. Осы ауруханадан шығарылған барлық пациенттердің денсаулық жағдайлары жақсы, бәрінде зертханалық зерттеу нәтижелері теріс болып шықты», - деді Бекбауова.

 

Осы орайда Шымкент қаласында осыған дейін коронавирус ошағы деп танылып, карантин қойылған үш мекен-жайдан, атап айтқанда, Тайманов көшесі, Төреқұлов көшесі және Мақталы көшесінен, карантин алынады.

 

"Замана".

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ