Қараусыз қалған кейуана көмек күтеді (ВИДЕО)

17.04.2020
Қаралды: 122

Шымкенттің «Теріскей» шағын ауданында тұратын кейуана аса қиын жағдайға тап болғанын айтып көмек сұрауда. Бұл кісі таяуда ғана операцияға түсіпті, бүгінде төсекке таңылып жатыр екен. Яғни ол өз бетімен тұрып, жүре алмайды. Жағдайына қарайтын да жанашыр ешкімі жоқ.

 

 

Айтуына қарағанда, мүгедек ұлынан да қайран болмай тұр, оның өзіне де жәрдем керек. Үйлерінде азық-түлік таусылған. Зейнетақысын наурыз айынан бері ала алмапты.

 

Қария өзінің тұрғылықты аумағы қарайтын Еңбекші ауданы әкімдігіне хабарласқанын, әзірге олардан жәрдем болмай тұрғанын айтады.

 

Т. ТҰРАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ