Шаруаларды шырылдатып қойғаны қалай? (ВИДЕО)

17.04.2020
Қаралды: 144

Еліміздің шаруалары дабыл қағуда. Алмасбек Садырбаев деген азамат шаруалардың, қой өсірушілер қауымдастығының, фермерлер одағының, «Ауыл» партиясының атынан Президентке, Үкімет басшысына, халыққа арнап видеоүндеу жариялады.

 

Айтуынша, бүгінде фермерлердің өз жұмысын еркін жүргізуіне кедергі көбейіп кеткен. Олардың көктемгі егіс жұмыстарына шығуы, тыңайтқыштар, залалсыздандырғыш, жанар-жағармай, ұрық алуы қиындаған, карантинге қатысты қойылған блок-бекеттерде тексерген кезде олардан бұған байланысты талап етілетін құжат түрі көп. Фермер екеніңді дәлелдеу үшін қыруар құжат сұралады. Бүкіл Қазақстан бойынша фермерлер жұмысы осындай жайлардың кесірінен тоқырауда. Жөнсіз тексерулерден мезі болған диқандардың көбі егін егуден бас тарта бастаған.

 

 

«Бұлай кете берсе шаруашылық жұмыстарының көбі тоқтайды, ал оның зардабын біз астық жинайтын күзде көретін боламыз. Адам өзінің фермер екенін дәлелдеуі үшін оның арнайы куәлігі, жеке бас куәлігі жеткілікті емес пе? Оларды Ауыл шаруашылығы министрлігі, оның аумақтардағы басқармалары мен бөлімдері қорғай алмай отыр. Әр блок-бекеттің өз заңы бар, түрлі құжаттар талап етіп қосымша кедергілер туындатуда. Осы жөнінде баршаңыз айтып, таратыңыздар, бізге көмектесіңіздер!» -- дейді А.Садырбаев.

 

Р. ҚАЛТАЙ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ