Қарағанды жерінде піл қайдан жүр? (ВИДЕО)

17.04.2020
Қаралды: 373

Қазақтың кең жазира даласынан аң-құстың талай түрін кездестіруге болады. Алайда бұл далада піл де емін-еркін жайылып жүруі мүмкін деп кім ойлайды?

 

Егер бұл туралы біреу ауызша айтса сенбес едік. Ал нақ осындай көріністі жұрт түсірген видеодан көрген кезде не айтарыңды да білмейді екенсің.

 

 

Міне, адам айтса сенгісіз сондай көрініс! Ен далада кәдімгі пілдер жүр. Үлкен жүк көліктерін трасса бойына тоқтата салып, оны бейнежазбаға түсірушілер өз таңданыстарын білдіріп жатыр. "Бұл Балқаш жақта, Қарағанды жерінде" деген сөздер естіледі.

 

Расында да бұл өзі Қарағанды даласында қайдан жүрген пілдер болуы мүмкін және ол қай кезде түсірілген видео өзі деген сұраққа біз де жауап таба алмадық.

 

("Замана"-ақпарат).

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ