Адамды азғындататындарды да аямау керек

30.08.2016
Қаралды: 1505

Жуырда ғаламторда «лесбиянкалар» мен «гомосексуалдар» Алматыда өздерінің шеруін өткізбек болғаны туралы айтылды. 

Бірақ бұған рұқсат берілмеді. Ал Оңтүстік астанада олар көшеде сырнайлатып, айқайлап жүрсе не болар еді?

Қалай дегенде де осы жағдай көп адамға ой салса керек. Кешегі аптада Жамбыл облысының Жуалы ауданының Ақтөбе ауылдық округіне қарасты Жаңаталап елді мекенінің тұрғыны Байәділ Жар­мұханбетовтен (суретте) редакцияға төрт беттік хат келді. Біз оны оқырман назарына ықшамдап ұсынғанды дұрыс көрдік.

«Қай заманда болса да бір жыныстылардың өзара жақын қатынасы аса ауыр, қатерлі де қауіпті әрі жиіркенішті саналған, – деп жазады Б.Жармұханбетов. – Бұған бірінші Алла, екінші Құран, одан кейін біздің қасиетті салт-дәстүріміз тиым салған. Бұрын мұндай іспен айналысатындарды «тасборан» қылып өлім жазасына кесіп отырған.

Ал бүгінде сол бір жыныстылардың махаббаты деген көбейіп барады. Көбейгені соншалықты, олар іс-әрекеттеріне ұялу былай тұрсын, заңнан да қорықпайды. Себебі демократиялық қоғамда оларды жазалау мүмкін емес екен.

Гомосексуализм мен «лесбиянканың» шығу тегі біздің елде коммунистердің мемлекет басына келуімен басталды. «Дін – апиын, Құран – өтірік, Пайғамбар болмаған, ол ойдан құрастырылған. Салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ырымдар мен тиымдар – ескінің қалдығы» деген заңдар қабылданды. Содан дінсізденіп, әртүрлі тиымдарынан айырылған халық теріс әрекеттердің жетегіне кетті.

Атеистік саясаттың улы жемісін 73 жыл көрген халық оның әсерінен әлі күнге айыға алмай келеді. Халқымызда «Бір күн ашыққаннан қырық жыл ақыл сұрама» деген сөз бар. Сондықтан болар, тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл болса да мемлекеттік тілде өзге ұлт өкілдері былай тұрсын, қазақтарымыздың өзі сөйлей алмай жүр.

Гомосексуалистер мен «лесбиянкалардың» клубтарын ашып, әртүрлі секта мен жын-шайтандарын қазақ даласына жинап, жастарды күнә мен қылмысқа үйретіп жатырмыз. Оның орнына құранды, хадистерді насихаттап, бабаларымыздың өсиеттерінен оқулық жасап, неге мектепте оқытып, тәлім-тәрбие бермеске?

Тараздан шығатын бір газет бұл әрекеттердің мектептен басталатыны, тіпті анайылықтың айтуға адамның аузы бармайтын түрлері оқушылар арасында да болатыны туралы жазған. Тәуелсіз қазақ даласын жайлаған осындай жиіркенішті қылмыстарды демократияның жемісі деп қалай айтамыз?

Осыдан бір жыл бұрын Каролина Кан деген қарағандылық әйел екі әйелге үйленіп, кейін оларды өлтіріп, 23 жылға соттал­ғаны белгілі. Бүгінгі таңда қазақстандықтардың 7 пайызы гомосексуализммен айналысады деген бейресми мәлімет айтылып жүр. Мұның қаншалықты рас-өтірігін білмеймін. Дегенмен тиісті орында отырғандардың бізде ондайлар мүлде жоқ дей алмасы анық. Олай болса, тәуелсіздік алғандағы біздің жетістігіміз осы болғаны ма?»

...Жамбылдық оқырманымыз осылай дейді. Расында соңғы кездері қазаққа, салтымызға жат әдет-ғұрыптар көбейіп барады. Олардың арасында осындай ұлтты азғындататындары да жоқ емес.

«Ондайларға қарсы күресті күшейту керек емес пе? Оны терроризм­нен қауіпсіз деп айта аламыз ба? Ендеше адамды азғындататындарды да аямау керек!» – дейді жамбылдық оқырманымыз.

Қ. БАСТАУ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ