Қарабұлақ ауылына карантиннің қатысы жоқ па? (ВИДЕО)

15.04.2020
Қаралды: 177

Түркістан облысы, Сайрам ауданында Қарабұлақ атты өте ірі елді мекен бар. 15-ші сәуір күні сол жерге барған жолаушы азамат түсірген бейнежазба талай жұрттың жағасын ұстатты.

 

 

Бейнежазбадан Қарабұлақ халқының карантин кезінде ештеңе болмағандай емін-еркін өмір сүріп жатқанын көруге болады. Көше толы топырлаған адамдар, қыз-қыз қайнап жатқан тіршілік...

 

Мұны көрген адам шынында да бұл елді мекенге елімізде жарияланған төтенше жағдайдың  еш қатысы жоқ па деп ойлауға мәжбүр...

 

"Замана".

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ