Шымкенттегі көп қабатты үйлердің аулаларында сирек құстар бой көрсете бастады (ВИДЕО)

15.04.2020
Қаралды: 123

Шымкентте карантин жарияланғалы бері көшелерде, аулаларда адам аяғы сиреп қалды. Тұрғындар бүгінде сырттағы әлемге терезеден телміре қарап күндерін өткізуде.

 

Мұның әр түрлі әсерлері де байқалып жатыр. Шымкенттің сондай бір тұрғындары жуырда терезеден қарап тұрып ерекше көрініске куә болыпты. Олар өз аулаларынан бұрын-соңды көрмеген сирек құсты видеоға түсіріп алған.

 

 

Өзге бір құсты жемтігіне айналдырған оның нақты қандай құс екені белгісіз. Кейбіреулер оны қырғиға, енді біреулер қаршығаға ұқсатады. Неде болса оның денесі шағындау бір жыртқыш құс екені анық.

 

 "Карантин тағы біразға созылар болса, көп ұзамай өз ауламыздан еліктерді де көріп қалатын шығармыз. Міне, бізге зоопаркке барудың да қажеті жоқ", - деп әзілдейді осы бір сирек құсты түсіріп алған Шымкенттің тұрғыны.

 

"Замана".

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ