Елордалықтар мен алматылықтарға 20 мың теңгеден берілуі мүмкін

14.04.2020
Қаралды: 262

Ашық үкімет порталында жаңа жарлықтың жобасы жарияланды. Бұл жарлықтың мәтініне сүйенсек, төтенше жағдай кезінде Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында коммуналдық қызметтерді пайдаланғаны үшін тұрғындарға 20 мың теңгеден берілуі мүмкін екен. Яғни, жоба қабылданған жағдайда, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің берген мәліметі бойынша, аталған қалалардағы абоненттердің жалпы саны 1 млн 100 мыңды құрайтыны, сондай-ақ олардың әрқайсысының жеке шоттарына үш ай көлемінде 20 мың теңгеден әлеуметтік көмек ретінде аударылып отырады екен. Мұндай шара коммуналдық мекемелердің өз қызметін үздіксіз көрсетуіне тікелей қолдау болмақ.

 

Әрине, ел басына осындай қиын-қыстау заман туғанда, бұл өте дұрыс шешім болар еді. Алайда, бұл жарлықты мақұлдау, не мақулдамау бойынша нақты шешім 17-сәуір күні қабылданады екен. 

 

"ЗАМАНА".

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ