Оқушылар жазғы демалысқа 25-мамырда шығатын болды

14.04.2020
Қаралды: 103

Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, биыл Қазақстандық оқушылар әдеттегідей 25-мамыр күні жазғы демалысқа шығады. Ал оған дейін 4-8-мамыр аралығында бөлім бойынша жиынтық бағалау өтетін болса, 18-22-мамыр аралығында тоқсандық жиынтық бағалау болады.

 

Коронавирус пандемиясының ел аумағында таралып, елде төтенше жағдай жариялануына байланысты оқушылар төртінші тоқсанды қашықтықтан оқып жатқаны бегілі. Осыған орай оқу жылының соңында оқушылар қорытынды аттестациялық емтихан тапсырмайды, яғни аттестатқа жылдың қорытынды бағалары қойылатын болып шешілді. Ал жоғары оқу орнына түсу үшін тапсырылатын Ұлттық бірыңғай тестілеудің мерзімі қазірге өзгеріске ұшырамады.

 

"ЗАМАНА".

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ