Қызылордада коронавирус жұқтырған жүкті әйел босанды

10.04.2020
Қаралды: 332

Вице-министрдің айтуынша, жаңа туған сәбиден де коронавирусқа анализ алынған, баланың жағдайы қанағаттанарлық.

 

Қызылорда облыстық перинаталды орталығында коронавирус анықталған әйел аман-есен босанды. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева Facebook-те жазды.

 

"8 сәуірде босанатын уақыты жеткен жүкті әйел өткір респираторлық вирусты инфекция белгілерімен провизорлық перзентханаға (оқшауланған ғимарат) түсті. Денсаулығын тексеру барысында оның қызуы 38,1 градусқа дейін көтерілген. COVID-19 вирусына анализ алынды, ауру жұқтырғаны анықталды. Толғағы басталды. Аман-есен босанды", - деді ол.

 

Нәрестенің салмағы – 2 келі 970 грамм, бойы – 51 см.

 

"Сәбидің жағдайы қанағаттанарлық, коронавирусқа анализ алынды", - деп мәлімдеді вице-министр.

 

Ал баланың анасы вирустан емделу үшін инфекциялық стационарға ауыстырылды.

 

Перинаталды орталықтың кезекші бригадасы кезекшіліктен кейін екі аптаға үй карантиніне алынды. 

 

SPUTNIKNEWS.kz

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ