Дүниежүзінде коронавирус жұқтырғандар саны – 1 601 018 адам

10.04.2020
Қаралды: 130

Қазіргі таңда әлемді дүр сілкіндірген коронавирус індетімен күресу ешқандай мемлекетке оңай болып тұрған жоқ. Бұл індетті жұқтырғандар саны жер шарында күн санап артып келеді. АҚШ, Испания, Италия сынды елдерде бұл көрсеткіш тек артумен болса, Қытайда тиісінше, індеттің таралуы айтарлықтай тоқтап, науқастар емделіп шығуда.

 

Қазіргі таңда дүниежүзі бойынша 1 601 018 адамда коронавирус тіркелсе, емделіп шыққандар саны – 354 972 адам, ал көз жұмғандар саны – 95 718 адам.

 

Осы орайда, Қазақстандағы жағдайды да айта кетейік. Қазіргі сәтте біздің елде барлығы 802 жағдай тіркелсе, 63 науқас толық жазылып шықты. Ал қайтыс болғандар саны – 9 адам.

 

"ЗАМАНА".

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ