Кез келген кризис – дамудың жаңа мүмкіндігі

09.04.2020
Қаралды: 104

Карантин деген кезде маска тапшылығы шықты. Шуладық. Жоқ. Амал жоқ, жан керек, тіге бастадық. Семейде күніне 300 мың, Шымкентте одан да көп тігетін орындар пайда болды.

 

Аяқ астынан, бірнеше күнде. Ал әдеттегі жайма-шуақ күндер болса ше? Сол тігін цехының құжатын үш жыл жасап, аяғы сиырқұйымшақ болып кетер еді.

 

Қиналдың екен деп Президент айтқан 10 миллиардты жайдан-жай  ешкімнің қолына ұстатпайды. Ол – балық, бүгін тойдың – ертең жоқ. Меніңше, бұл қаржы жаңа жұмыс орындарын ашуға жұмсалады. Міне – қармақ. Беру механизмі алдағы уақытта шешіледі. Несие, грант түрінде болатын шығар.

 

Бұл бұрынғы көмектен бөлек нәрсе. Себебі, карантин ұзаққа созылса, ертең кәдімгі күнделікті пайдаланатын нәрсе таппай қаламыз. Бізде ештеңе жоқ. Сосын амал жоқ, маска сияқты қолдан жасай бастаймыз. Өзіміз. Сапасызын да, брендтелген оюлысын да. Міне, несие-грант осыған бөлінеді. Қармақ деген осы. Президенттің айтқаны да осы. Сондықтан Марсты бағындыратын ғажап жоспарларыңды ұмытып, кәдімгі кесе-қасық, ине-жіп шығаратын бизнес-жоспарды дайындай беріңдер.

 

А. ТОҚАБАЕВ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ