Миллиардерлердің мемлекетке жандары ашымай ма?

09.04.2020
Қаралды: 213

Іш пысқан соң басқа елдер коронавирусқа қарсы қанша ақша бөліпті деп қарап шықтым. Ресей 4 миллиард доллар бөліпті. Түркия 15 миллиард 200 миллион доллар бөліпті. Түркияда одан бөлек көптеген жеңілдіктер толып жатыр.

 

Украинада бизнесмендерден бөлек, әншілер мен әртістер де жарыса ақша бөліп жатыр. Ал біздің әншілер мен әртістер әлі күнге дейін онлайн кітапты 9990 теңгеден сатып ал деп лотерея ойнатып жатыр.

 

Қазақстанда менің көргендерім Айдын Рахымбаев, Кеңес Рақышев сияқтылар 215 мың доллар көлемінде ақша бөлді. Бұл кісілерге Алла разы болсын! Бірақ шет мемлекеттермен салыстырғанда біздің байлар бөліп жатқан 100 мың доллар, миллион доллар деген ойнамай қалып жатыр. Жұрт­тар миллиард долларлап ақша бөледі екен.

 

Бұл жерде ұлтты сақтап қалу маңызды. Жәй әншейін коронавирус па, әлде жәй тұмау ма, соны тез тексеретін тесттің өзі 60-80 доллар тұрады дейді. Нұр-сұлтанда тамағы ауы­рып барған танысымды емхана тексере алмапты. Тест жоқ.

 

Бізде негізі Машкевич, Шодиев, Ибрагимов сияқты миллиардерлер бар. Әлде өзіңнен тумаған соң миллиардерлердің де мемлекетке жандары ашымайды ма екен?

 

С. РЫСБАЕВ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ