Вакцина қашан дайын болады?

06.04.2020
Қаралды: 134

Әлем ғалымдары қазір өкпе қабынуын тудыратын вирусқа қарсы вакцина жасау үшін жанталасып жатыр. Бұл іске Қазақстан ғалымдары да тартылған. Бірақ қынадай қырып жатқан қауіпті індетке қарсы екпе жақын күндері дайын болмайтын сияқты.

 

Оны дайындауға бір жыл керек. Өйткені кандидаттық штамм алу, дайындау технологиясын әзірлеу, қауіпсіздікті сынау, клиникаға дейінгі және клиникалық сынақтар деген секілді бірнеше сатыдан өтуі тиіс. Сосын вакцинаны жануарларға, одан кейін адамдарға сынайды. Ол үшін коронавируспен ауырмаған сау адамдар қажет екен.

 

Бір жағынан, бұл аса ірі көлемдегі қаржыны қажет ететін мәселе. Мәселен, Еуропада вакцина әзірлеуге 400 миллион еуроға дейін қаржы жұмсалады екен. Сынақ жұмыстарына бұдан да көп қаржы қаралады. Ал Қазақстанда мұндай мүмкіндік бар ма? Ол жағы белгісіз. Белгілісі, Қазақстанда вакцина әзірлеумен екі институт айналысып жатыр. Олар Жамбыл облысындағы биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты және Нұр-Сұлтандағы Ұлттық биотехнология орталығы.

 

...Қытайда коронавирусқа қарсы вакцина клиникалық сынақтан өткізіліп жатыр. Нәтижесі желтоқсан айында белгілі болады. АҚШ та бұл тәжірибеге 20 мың адам тартылған. Ресей де екі апта бұрын жануарларға сынақ жасау басталды. Бірақ нәтижесі қалай болары белгісіз.

 

Д. ӨМІРБЕК.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ