Төтенше жағдайдың төркінін түсінбей жүргендер аз емес

06.04.2020
Қаралды: 263

Елімізде бір айға төтенше жағдай енгізілгені белгілі. Алайда төтеншенің төркінін түсінбей, тәртібін бұзып, жауапқа тартылып жатқандар да бар.

 

Шымкентте төтенше жағдайға байланысты шектеу­лерді бұзғаны үшін 22 адамға қатысты әкімшілік іс қарал­ған. 16-27-наурыз аралығында жауапқа тартылғандардың 18-іне әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулы қабылданып, ал 3 әкімшілік іс бойынша жеке тұлғалардың сот отырысына белгісіз себептермен келмеуіне байланысты, оларды сотқа күштеп әкелу туралы ұйғарым шығарылған.

 

Сондай-ақ, осы Жарлықта көрсетілген міндетті санитарлық-эпидемиялық талаптарды сақтамай, кейбір мейрамханалар мен моншалардың және ойынханалардың жұмыс істеуіне жол берген 13 адамды қамауға алу туралы сотта қаулы қабылданып, 5 адамға қатысты 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Ал әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылықтың болмауына байланысты 1 адам жауапкершіліктен босатыл­ған.

 

Алдағы уақытта осындай әкімшілік құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында, жергілікті тұрғындар мен кәсіпкерлерді төтенше жағдай режимін сақтауға шақырамын.

 

Қабыл ДҮЙСЕНБИ,

Шымкент қалалық сотының баспасөз хатшысы.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ