Дәрігерлерде де үрей бар

06.04.2020
Қаралды: 222

Бізде жұмысқа КВИ жұқтырған науқастармен жұмыс істеуге дәрігерлерді жұмысқа үш еселенген айлық көрсеткішпен шақырып жатыр екен.

 

Менің айлық көрсеткішім 90 мың теңге (90мың х 3 = 270 мың теңге немесе 615 доллар). Енді ойланып отырмыз, 270 мың теңгеге өмірімізді қауіпке төндіруге бола ма, жоқ па?  Барамыз ба, бармаймыз ба деп сараптап, ақыры бармаймыз шештік. Себебі депутаттар кемі 600 мың теңге алады. Ал дәрігерлерге береміз деген 270 мың теңге өзіңнің өміріңді, жаныңдағы туыстарыңның өмірін қатерге тігуге тым аз деп шешіп, бармайтын болдық.

 

Сарказм түсінбейтіндер үшін толықтырып кетейін. Жағдай ауыр. Әлемде күніне мыңдаған адам қайтыс болып жатыр. Бір Италияда бір күнде 900-ден астам адам қайтыс болған. Соғыста онша адам қайтыс болмайды ғой...

 

Қазақстанда да ауру жұқтырғандар саны сағат сайын өсіп жатыр. Ауруға қарсы тұратын жал­ғыз мамандар – ол дәрігерлер. Дәрігер – ол да адам, ол да ауру жұқтырып алуы мүмкін. Жұқтырып қана қоймай, бала-шағасына, туыстарына таратуы мүмкін. Сонда қорықпай жұмысқа барамыз. Көптеген әріптестер арасында іштей үрей бар. Олар да өмір сүргісі келеді. Бірақ халықты емдеу керек және оны ешқандай да сот, әкім, депутат емес, тек дәрігерлер істей алады. Сол үшін дәл қазір медицина қызметкерлеріне қолдау керек. Қоғамнан – қолдау, мемлекеттен ынталандыру керек.

 

Ғабит НҰРХАНҰЛЫ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ