Үш мыңдай адамға вирус жұғады дейді

03.04.2020
Қаралды: 283

Бұл еліміздің Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтқаны.  Өткен дүйсенбі күні болған брифингте ол: «Есебімізше, наурыз, сәуір, мамыр айларында үш жарым мыңдай адамға вирус жұғады деп болжап отырмыз. Әрине, бұл болжам ғана. Дегенмен ол болжамның біз үшін маңызы зор», – дейді министр.

 

Себебі министрлік осындай ықтимал жағдайларды есепке ала отырып, науқастар мен оған күдіктілерді карантинге жатқызатын қосымша төсек орын дайындайды.

 

Қазір Қазақстанда коронавирусты анықтайтын 300 мың сынама жасайтын тест бар, тағы 300 мың сынама тест сатып алынады. Ал «алдыңғы шепте» жұмыс істеп жүрген жандар – дәрігер тапшылығы болмайды.  «Жалпы Қазақстанда жетпіс мыңдай дәрігер бар», – дейді министр бұл туралы.

 

Ал вирустың таралуы тап осы сәуір айында шегіне жететін көрінеді. Ол содан кейін біртіндеп азая бастауы тиіс.

 

Мұны да болжам деп елеусіз қалдыра көрмеңіз. Өйткені кешегі айда ешкім күтпеген жерден қызметінен кеткен бұрынғы бас санитар Жандарбек Бекшиннің коронавирустың елімізге қашан келетіні жайлы болжамды мәліметі дәл келді емес пе? Басқа – басқа, биліктегілердің болжамы дәл келіп жатыр...

 

А. МҰХАММЕД.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ