Газеттер жарық көруін уақытша тоқтатуда

03.04.2020
Қаралды: 161

Әлемде коронавирус дертінің таралуына байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оны пандемия деп жария­лағаны белгілі.

 

Осыған орай біздің елімізде де төтенше жағдай тәртібі енгізіліп, көптеген ірі қалалар уақытша карантинге жабылды. Елге келген індеттің одан әрі өршіп кетпеуі үшін жасалған бұл өте маңызды қадам болып отыр.

 

Алайда бұл іс-шара қалыпты өмірге кері әсерін тигізіп отырғаны да рас. Көптеген жұмыс орындары уақытша жабылды, адамдардың жүріп-тұруына тиісті шектеулер қойылды. Өзге аймақтармен қарым-қатынас үзілді.

 

Осындай жағдайлардың орын алуына байланысты бүгінде көптеген елдерде, біздің де еліміздегі ірі қалаларда газет-журналдардың жарық көруі уақытша тоқтады. Себебі бір қаладан шығатын басылымдар екінші қалаға, аудандарға бөлшек сауда арқылы кіре алмай қалды. Газет-журналдар сатылатын базарлар уақытша жабылды.

 

Қалыптасқан жағдайға байланысты біздің газетіміз де алдағы аптадан бастап жарық көруін уақытша мерзімге тоқтатуы мүмкін. Әрине, бұл – уақытша шара. Көп ұзамай, яғни жағдай реттелген соң біз өз оқырмандарымызбен қайта қауышатынымызға сенімдіміз.

 

Дегенмен бұл аралықта біздің газетіміздің ғаламтор жүйесіндегі сайты өз жұмысын жалғастыра береді. Ең маңызды ақпараттар www.Zamana.kz сайтында жарияланып тұрады. Сондай-ақ қызықты деген мақалалар «Уатсап» мессенджері арқылы бұрынғысынша таратыла бермек.

 

Жақсы күнде жарқын жүзбен жүздесейік, оқырман!

 

«Замана».

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ