Нұр-Сұлтан қаласында - 9 адам, Маңғыстау облысында - 1 адамнан COVID-19 анықталды

27.03.2020
Қаралды: 271

Дәл қазір Нұр-Сұлтан қаласынан бірден 9 адам, сондай-ақ Маңғыстау облысында 1 адамнан COVID-19 індеті анықталды. Осылайша Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырғандар саны 135-ке толықты.

 

Ал індеттен тағы 1 адам жазылып, жалпы жазылғандар қатары 3-еу болды.

 

Осы сағатта Coronavirus2020.kz сайтында көрсетілген мәлімет бойынша, барлық коронавирус жұқтырғандар тізімі төмендегідей:

 

Нұр-Сұлтан қаласында – 69 адам,

Алматы қаласында  48 адам,

Қарағанды қаласында  4,

Жамбыл облысында  3 адам,

Атырау облысы  3 адам,

Шымкент қаласында  2 адам,

Алматы облысында  1 адам,

Ақтөбе облысында  1 адам,

Солтүстік Қазақстан облысында  1 адам,

Ақмола облысында  1 адам,

Павлодар облысында  1 адам,

Маңғыстау облысында  1 адам.

 

 

"ЗАМАНА".

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ