Коронавирус: Қазақстанда – 97, дүние жүзінде – 475 мыңнан астам адам

26.03.2020
Қаралды: 57
Бүгінгі күнгі соңғы мәлімет бойынша, елімізде коронавирус індетін жұқтырғандар саны 97-ге жетті. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында – 55 адам, Алматы қаласында – 34 адам, Қарағанды қаласында  2, Шымкент қаласында  2 адам, Алматы облысында  1 адам, Ақтөбе облысында  1 адам, Жамбыл облысында  1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында  1 адам.
 
Ал бүкіл әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 475 мыңнан асып жығылды. Бір тәулікте 2400-ден астам адам қаза болды.
 
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті ұсынған ақпаратқа сүйенсек, 26 наурыздағы жағдай бойынша, дүние жүзі бойынша COVID-19-ға шалдыққандар саны 475 087-ні құрады. Бұл статистика бір тәулік ішінде бірден 50 865 адамға артыпты.
 
Дүние жүзі бойынша жалпы осы індеттен қайтыс болғандар саны 21 400 болса, ал бір тәулікте – 2407 адам. Керісінше коронавирустан жазылып шыққандар – 110 658 адам, оның ішінде бір тәулікте – 4852 адам.
 
"ЗАМАНА".

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ