Шымкент қаласындағы коронавирус жұқтырған 2-ші науқастың жағдайы қалай?

25.03.2020
Қаралды: 346

Бүгін Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының (COVID-19) 2-ші жағдайы тіркелді. 1970 жылғы науқастан алынған анализ оң нәтижесін берген. Коронавирус инфекциясы анықталған ошақта кешенді эпидемияға қарсы іс-шаралар атқарылып, қорытынды залалсыздандыру жұмыстары толық жүргізілді, деп хабарлайды ЗАМАНА coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Науқастың қазіргі жағдайы қанағаттандырарлық. Коронавирус инфекциясының диагностикасы мен емі бекітілген хаттамаға сәйкес терапия жүргізілуде. Бұл диагнозы расталған азаматша кеше коронавирус анықталған азаматтың туған анасы болып шықты. Баласымен тұрмыстық тығыз қатынаста болғандықтан, азаматша 24-наурыз күні жұқпалы ауруханалар ауруханасына жатқызылып оқшауланған. Анализдері алынып, 25-наурыз күні оң нәтижесін берген.

 

"ЗАМАНА".

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ