Бұл індеттен бізді пирамида құтқарады

24.03.2020
Қаралды: 448

Бүгінгі әлем тынышсыз, көптеген елдерде сан алуан апаттар орын алуда. Миллиондаған адамдар ауыр зардаптар шегуде. Алапат өрттер, жер сілкіністері, су тас­қындары, цунамилер, түрлі дерттер, емі жоқ аурулар әлем халқын мазалауда.

 

Бұндай апатты жағдайлардың алдын-алу мүмкін бе? Оған жа­уапты біздің «Ясин» технологиясы және Қа­зығұрттану ғылыми-зерт­теу институты» бе­реді. Қазір Қытайдың Ухань қаласынан шыққан коронавирус қа­терлі жұқ­пасы бүгінде дүние­жүзін дүрлік­тіріп тұр. Одан құтылудың жолын таппай әлем тағы да дағдаруда.

 

Біздің институт ғалымдары Қазақстанда болатын апатты жағдайлардың алдын-алуды, тосқауыл қоюды, бетін қайтаруды ұсынып, үш жылдан бері министрліктер мен әкімшіліктерге хаттар жолдады. Бірақ, біздің идеяларымызға күмәнмен қараған олар әлі де енжар күйде сенімсіздік танытумен келеді. Яғни менің түсінігімде бұл Аллаға сенбеу деген сөз. Міне, соның зардабын тартып келеміз.

 

Адамдар, ойланыңдар, иненің жасуындай нәрсенің де сұрауы бар. Коронавирус дерті де әлемді бекер шарпып отырған жоқ. Бұл Алланың сынағы, жазасы деп қабылдаған жөн. Сынағынан тек Алланың өзі алып өтеді, құтқарады. Ол үшін Алладан кешірім сұраудың, коронавирус дертінің бетін қайтарудың, қазақ еліне таралмауының ғылыми әдістемесін, жүйесін білгеніміз жөн.

 

Біздің институт ғалымдарының ұйытқы болуымен наурыз айының 1-ші жұлдызында Қазығұрт тауының етегіндегі қырат-жонға барып, Нұр Мекенге қарап, арнайы тазаланған дайындықтан өткен 22 адам 7 рет намаз оқып, Алладан қазақ елін апаттар мен дерттерден сақтауды, әрқашан Алланың өзі қорғаныш болуын тілеп, Алланың сипат есімде­рімен зікір етті. Нұр Мекен – Қазығұрт тауы. Осы Нұр Мекенге қарап оқылған дұға-тілектер әрқашан қабыл болады. 

 

Институт ғалымдары Арыс қаласында болған апатты алты ай бұрын әкімшіліктерге хат арқылы жеткізген болатын. Бірақ оған мардымды жауап болмады. Сол уақытта біздер Қазығұрт тауының басына пирамида қоюды ұсынған едік. Сенімсіздік пен немқұрайдылықтың салдары оңтүстіктегі үлкен апатқа әкелді. Біз қайырымды жандардың көмегінің арқасында Қазығұрт тауына биіктігі 3 метр болатын бір пирамида орнаттық. Негізі Қазығұртта биіктігі 3-7 метрді құрайтын барлығы 19 пирамида құрылуы және бір шаңырақ орны көтерілуі керек. Пирамидада тылсым күш, үлкен энергия бар. Бұл энергия адам бойындағы жамандықтарды тартып алып отырады. Бұл – дәлелденген шындық.  

 

Қазір адамдар коронавирусты қайтарудың сан алуан жолдарын ұсынуда. Бұл айтылғандарға бейжай қарауға болмайды. Біздің институт коронавирусты қайтарудың ғана емес, басқа да апатты, дертті жағдайлардың алдын-алу үшін нақты мынадайы ұсыныстар білдіреді:

 

1. Коронавирусқа қарсы Құран алгоритмімен жүйеленген ғұлама-ойшылдардың ғылыми әдісте­месін негіздеп, біздің институт ұсынған ғылыми жүйе­ні пайдалану.

 

2. Тез арада Қазығұрт тауына кемі 4 пирамида қоюды қолға алу керек. Бұлардың жүзеге асуы үшін қазақ елінің қайырымдылық бағытта қолдап, қуаттауы қажет.

 

3. Коронавирусқа қарсы тағы бір ескеретін маңызды мәселе – тамақтануды оң жолға қою. Қазақстандықтар өз елінің таза өнімдерін пайдалануы керек. Әсіресе, ет, қазы, айран, сүт, қымыз, шұбат, т.б. тағамдарды үздіксіз ішіп-жеу керек. Қазақ азаматтары тарыдан боза дайындап ішуді жолға қойса, коронавирустан келетін дертке ең үлкен шипа болады.

 

Біздің бірлескен Консорциум ғалымдары ең өзекті мәселелерді көтеріп отыр. Сондықтан да кез келген мәселеде сіздерге тегін кеңес, рухани бағытта көмек беруге дайынбыз.

 

Мұхитхан МИРАЗОВ,

«Қазақтану – Ұлт Академиясы» Консорциумының Президенті. 

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ