Қазақстанда коронавирус тіркелді

13.03.2020
Қаралды: 219

Германиядан келген екі қазақстандық коронавирус жұқтырды, - деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов. 

 

«Бүгін бізде Германиядан келген екі азаматымыздан коронавирус расталды», - деді ол жұмада өткен брифингте.

 

Коронавирус жұқтырған екі қазақстандық Германиядан 9 және 12 наурызда келді, деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

 

«Азаматтар Германиядан 9 және 12 наурызда келді. Олар ер және әйел адам. Бірінші рейс 9 наурыз күні келген, онда 73 жолаушылар келді. Қазір дәрігерлер оларды оқшаулауды бастады. Бұл науқастар емес, олар 14 күнге карантинге жіберіледі», - деді Денсаулық сақтау министрі брифингте.

 

"Замана".

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ