Қырғыздар тағы бұлқынды

10.03.2020
Қаралды: 191

Қырғызстан астанасы – Бішкекте мыңдаған адам қатысқан наразылық акциясы болып өтті. Шеруге шыққандар биліктен 2017 жылдан бері қамауда отырған бұрынғы Жогорку Кенеш депутаты Садыр Жапаровқа бостандық берілуін талап етті.

 

Қала орталығындағы «Ала-Тоо» алаңына жиыл­ған наразы жұрт Үкімет үйіне өтпек болды. Олар алғашқы қарқынмен милиция қатарын бұзып өткен еді, бірақ күш құрылымдары су ататын машинамен, дыбыстық гранаталармен, сойылмен шабуылдап, оларды қуып таратты. Шерушілердің С.Жапаровты апарған мемлекеттік қауіпсіздік қызметі ғимаратына өтпек болған әрекеттері де сәтсіз аяқталды. Бірнеше адам қамауға алынды.

 

Наразы жұрт бұрынғы депутатты жазықсыз қамалды деп санайды. Ал қырғыз билігі оны 2013 жылы Ыстықкөл облысында болған наразылық акциялары ке­зінде үкімет адамына күш қолдануға, оны кепілге алуға, тағы басқа жайларға қатысы бар деп айыптап, 11 жылға соттаған болатын.

 

Д. НҰРПЕЙІС.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ