Коронавирусқа қарсы халық емшілерін пайдалануды ұсынады

03.03.2020
Қаралды: 428

«Замананың» электронды почтасына Түркістан облысының Ордабасы ауданындағы Дербес елді мекенінен хат келді. Ал кешегі сейсенбі күні хат авторы Мұхтар Пірмаханбетов редакциямызға телефон шалып, оны газетте жариялауымызды өтінді.

 

«Денсаулақ сақтау министрі Елжан Біртановқа Ашық хат» деп басталатын бұл хаттың толық мәтіні мынадай:  

 

«Құрметті Елжан Біртанов мырза! Сізге осы хатты жолдауды шештім. Өйткені халықтың қай нәрсені болса да ашық білгені дұрыс.

 

Қытайда халық көп, 1,5 миллардтай адам бар. Коронавирустан олардың 1 миллиарды жойылған күнде де 500  миллиондайы қалады. Біз олардың бір ауданында тұратындай ғана халықпыз, 18 миллионнан әзер асамыз. Егерде тәжді вирустан қырылып қалсақ, айтқан жерден аулақ, жерімізді орыс пен қытайлар мекен етеді. Сол үшін ашық жариялылық ауадай қажет.

 

Не істеу керек? Сіз өзіңіз басқарып отырған медицина саласына сенетін шығарсыз. Бірақ оған халық сене қояр ма екен?

 

Ештеңеден хабарсыз халық медицина дамып жатыр дейді, бірақ ол дамып жатқан жоқ. Бүйрек, бауыр, жүрек сияқты дене мүшелерін трансплантациялау деген әрекеттердің бәрі медицина өз қателігін өзі түзеп жатыр деген сөз. Асқынған түгілі, енді басталып келе жатқан дерттен айықтыра алмаған медицинаны дамып кетті деп айта алар ма екенбіз?

 

Сізге айтарым, медицина қызметкерлері бұл кеселді жақын арада түбегейлі жоя алмайды. «Ауруын жасырған өледі» деген сөз бар. Ойланыңыз, Біртанов мырза!

 

Мен сізге халықты сақтап қалудың мынадай бір жолын ұсынамын: Бұқара халықтың ішінен шыққан халық емшілерін, яғни арнайы дипломы болса да, болмаса да білікті емшілерді іріктеу керек. Оларды қайтара жасақтау, сүзгіден өткізу қажет. Халықты коронавирустан сақтап қалса, осы халық емшілері сақтап қалады.

 

Ажал вирусынан Құдайдың кереметтері ғана арашаламақ. Осы жағына бет бұрыңыз, Біртанов мырза! Басқадай шараңыз жоқ.

 

Қытайлар қаншама уақыт жасырды, бәрібір әшкере болды ғой. Сіз де қазақ халқы жер бетінен мүлде жойылып кетпесін десеңіз, онда қимылдайтын сәтіңіз осы. Ал басыңызды ауыртқыңыз келмесе, онда орынды босатып, жұмыс істейтін жігіттерге орын беріңіз!

 

М. ПІРМАХАНБЕТОВ».

...Түркістан облысындағы ауыл тұрғыны осылай дейді. Әрине, бұл оның жеке пікірі. Мүмкін бұған құлақ асқан да жөн шығар. Ауыл тұрғынының сөзі құлағына жетсе, министр мырза ойланып көретін де шығар. Өйткені Қытайда болып жатқан жағдайдың әлем халқын уайымға батырып тұрғаны рас қой.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ