«Көше партиясы» нені қалайды?

24.02.2020
Қаралды: 536

Қазақстанда «Көше партиясы» деген қозғалыс құрылды. Бұл жөнінде кешегі аптада аталған қоз­ғалыстың астанадағы белсенділері жариялады.

 

Бұл ұйым мүшелерінің мәлімдеуінше, қозғалыс ресми түрде тіркелмейді. Айтуларынша, бұл – еліміздің Конституциясы мен саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пакт шеңберіндегі ашық әрі жария әрекет ететін тәуелсіз бейбіт қозғалыс. Оны ешкім де қаржыландырмайды.

 

Ұйым белсенділері елімізде билік өзгеріп, халықтың қолына көшкенін, парламенттік басқару жүйесі орныққанын қалайтындарын жеткізді. Олар аталған қозғалыстың саяси, әлеу­меттік-экономикалық бағдарламасы жазылған парақшалар таратты. Бұл бағдарламада 30 миллион теңгеге дейінгі ипотека мен несиелерді жабу, тегін медициналық қызмет көрсету мен білім беру, дәрігерлер мен мұғалімдердің жалақысын 400 мың теңгеге дейін көтеру, мүгедектер мен жұмыссыздар­ға арналған жәрдемақыны көбейту сияқты әлеуметтік мәселелер қамтылған.

 

Нұр-Сұлтан қаласындағы сауда орталықтарының бірінің маңына жиналған «Көше партиясының» белсенділері сондай-ақ саяси себеппен қамауда отырған азаматтарға бостандық беруді талап етті.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ