Тұрғындарының тұрқы суық деседі

18.02.2020
Қаралды: 412

Дүнгендер жинақы тұратын жермен жүрген қарапа­йым адамдардың нақты бастан өткен жәйттері екен. Осыны комиссияға кірген марқасқалар мен комиссия қорытындысы бойынша шешім қабылдайтын Президенттің айналасы оқып, ойланса дейміз:

 

Roza Asanova: Шамамен осыдан 8-9 жыл бұрын сол Масанчидан ары бір ауылда тұратын құдамыздың үйіне бала-шағамен қыдырып бардық. Ол жаққа бірінші жүруім еді. Содан Масаншыдан өтіп бара жатып (кіргеннен адамдары біртүрлі) бірінен жөн сұрайын деп жасы үлкендеу адамға тоқтап едім, бірдеңе деп дұнғанша былдырлады да, теріс айналып кетті. Жауап бергісі келмеді. Іштей «есі дұрыс емес пе?..» деп ойлап өтіп кетіп, жасы 25-30-дар шамасындағы екі-үш жігітке тоқтап, сұрап едім, алдымен көлік нөміріне қарап, қасыма келіп, бірі айнамды ашып-жауып, бірі: «Пөчему по нәши улиси издиш? Ты знәйш эта дарога в ад...» – деп мазақтап тиісе бастады. Қасымда өңкей бала-шаға. Құдай-ау, бұл ауылда қазақ жоқ па?.. – деп ойладым да, жүріп кеттім. Ауылдан шығайын дедім.

 

Сұрамайын десем, адасып кетем бе, сұрасам тағы... деп ойлана келіп, жол шетіндегі екі-үш қойын қайырып отырған ағаға тоқтадым. Құдай бергенде қазақ екен. Жөн сұрап, жөн білісіп: «Ауылдарыңызда қазақ жоқ па? Адамдары тіпті біртүрлі ғой?» – деп сұрадым. Ағамыз жымиып күлді де: «Бұл дұнған ауыл ғой. Абайла, бұлар жаман, бөтен адамды бұқара халықтың көзінше де ұрып-соғып, тонап кетеді. Ал көріп тұрғандар көрдік демейді, милицияның бәрі өздерінікі», – деді.

 

Осылай бардық. Қайтар жолда тағы сол ауыл арқылы қайттық. Ауыл ішінде бір жерде жолдың екі шетінде қарбыз сатып отыр екен. Балалардың көзі түсіп келеді. Ала салайын деп шетке тоқтап, бірінің қарбызын ұстап көріп, ұнамаған соң келесі беттегі қарбызға бет алып едім: «Ей, ей, стой! Не берешь, тогда почему трогаешь!» – деп шаңқ ете қалды. Елегем жоқ, қарсы жақтағы ападан алдым да, кетейін десем, алдыма тұрып алып машина нөмірін жазып алып тұр. «Не істемекші?» деп күлдім де, қозғалып едім, қасымдағы екеуі машинасына отырып артымнан бірге жүрді. Келе жатыр артымда.

 

Біраз жүргенде оларға бір «ГАИ» көлігі жанасып, бірдеңе сөйлесті де, олар «сплошная линиядан» «ГАИ»-дың алдын орап, айналып тайып тұрды. Сосын «ГАИ» келіп мені тоқтатты. Көліктен түсіп, бардым. (Ол кезде олар машинада отыратын).

 

– Бауырым, қарбыз алдың ба?

– Иә.

– Сол жердегі «тұруға болмайды» деген «знакты» көрдің бе?

– Жоқ, ол белгі арырақта болды.

– Сен сол арырақта тоқтадың ғой. Керек болса, қарбыз алған апаң өзі-ақ айтып береді. Жүр, кеттік... – дейді.

 

Қысқасы, әбден әуреге салып, ақыры алатынын алып, жіберді ғой. Сол кезде көрген едім, ол ауылдың тұрғындарының оңбаған, тәртіп жоқ екенін.

 

Кешелі бері мына оқиға болғалы есіме түсіп отыр. Ақыры жетер жеріне жеткен екен ғой...

 

Жанар Төлеубаева: Иә, солай. Екі кештің арасында Токмоктағы посттан қазақ тарапына өттім. Кеш батып барады, ол жақты өмірімде бірінші рет көруім. Автобус таңғы 4-те болады екен Алматыға. Бір 10-15 машина тұр. Қауға сақал, үстінде тізеден төмен көйлек, қысқа балақты шалбар киген дүнгендер топырлап тұр. Такси екен деп: «Алматыға кім барады?» – деймін ғой баяғы. Үнсіздік. Тағы сұраймын, үнсіздік. Шындап саса бастадым.

 

Құрысын, түн болып кетпей тұрғанда қайтадан қырғыз жаққа өтіп кетсем бе деп тұр едім, бір қазақтың азаматы келе қалды, «Жигулиін» дарылдатып. Ол мені Масанчиге әкеліп тастады. Аялдамада таксиші боп тұрған сақалды еркектер қылжақтай бастады. «Аш бәледен қаш, бәле»  деп олардан алыстау жерге кеттім.

 

Посттан алып келген қазақ жігіт Масанчидің қазақ таксишісіне мықтап тапсырып кеткен, соның машинасына таяу барып тұрдым. Әйтеуір түнгі 10-дарда Қордайға әзер жеттім ғой. Сонда тура бір басқа мемлекетке тап болғандай жағамды ұстағам.

 

...Осы екі естеліктің өзі Қазақстанның шекаралық аймағында тұтасып отырған дүнген халқының қазіргі ұстанымын сипаттайтын сияқты. Атамыз қазақ «Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды» деген.

 

Қ. ОЛЖАЙ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ