Айсұлтан Англиядан саяси баспана сұрады

18.02.2020
Қаралды: 254

Елбасы Н.Назарбаевтың немересі, Дариға Назарбаеваның ұлы Айсұлтан Назарбаевтың төңірегінен жұртты елеңдеткен жайлар бірінен соң бірі шығып жатыр. Кешегі аптада әлеуметтік желідегі жеке парақшасында ол өзінің Ұлыбританиядан саяси баспана сұрайтыны жөнінде жариялады.

 

Айсұлтан өзінің бұл қадамын отбасы тарапынан қысым көріп жатқандықтан деп түсіндірді. Жазуына қарағанда, ол Қазақстан мен Ресей арасындағы газ тасымалына байланысты аса ауқымды көлемдегі коррупцияны білетін көрінеді. Ол біреулердің қалтасына кетіп жатыр деп миллиондаған доллар қаржы туралы  деректер келтірді.

 

Әрине, мұның бәрін ол өз ерік-қалауымен жазып отыр ма, жоқ әлде оған мұны біреулер  қандай да бір жолмен жазғызып отыр ма – ол жағын қазір ешкім де дөп басып айта алмайды.

 

Естеріңізде болса, Айсұлтан Назарбаевқа қатысты өткен жылы Лондон соты арнайы шешім шығарған. Оған есірткі қолданған күйде заң бұзып, өзін тыныштандырмақ болған тәртіп сақшыларына қарсылық көрсеткен, полицейлердің бірінің қолын тістеп алған деп кінә таққан еді. Сөйтіп А.Назар­баевты арнайы ауруханада еркінен тыс емдеу жө­нінде шешім шығарған.

 

Сондай-ақ таяуда Айсұлтан туыстарымның тарапынан өміріме қауіп төніп тұр деген тұрғыда мә­лімдеме жариялап, жұртты тағы бір елеңдеткені белгілі.

 

Енді, міне, Айсұлтан тағы да көпшіліктің назарына шалынды. Осының бәрі жұртты әрі-сәрі күйге түсіріп, түрлі болжамдар мен алыпқашпа сөздер таралуына негіз беріп тұр. Бұл жерде қарапайым адамға жұмбақ, түсініксіз жайлар өте көп.

 

Ж. ЕЛІБАЙ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ