Коронавирустың емі Құран ба?

11.02.2020
Қаралды: 474

Қытай вирусын жұқтырғандар саны күн өткен сайын көбейіп барады. Оның нақты емі табылмай, жұртты дүрліктіріп қойды.

 

 

«Замана» газетінің өткен  нөмір­лерінің бірінде Бейне Қаржаубаева есімді көріпкел қыздың осы дерттің дауасын тылсым күштер арқылы білдім деп айтқанын жазғанбыз. Таяуда аты-жөні көрсетілмеген тағы бір апа мұның емі Құран сүрелері екенін айтты. Сөзіне қарағанда, бұл кісі емші не көріпкел болса керек. Ол былай дейді:   

 

«Қазіргі кезде Қытайдағы коронавирус дертіне шипа табылмай жатыр. Соған 100 пайыздық шипаны айтып, жеткізсем, ол былай: Ауырған адам тұмауға қарсы дәрі-дәрмегін, уколын қолданады. Қосымша күніне бір мәрте Құран сүрелерін оқуы керек. Қытайша оқыса да болады. Ересектер үшін – 45 минут, кішкентайлар үшін – 20-25 минут. Бұл дерт – Қытай мемлекетіне мешіттерді құлат­қаны үшін, мұсылмандарға зардап жібергені үшін қайтарым ретінде беріліп жатқан ауру. Мұсылмандардың азабы Аллаға жетті.

 

Егер де бұдан былай Қытай мемлекеті Алла бір деп Ислам дінін қабылдайтын болса, онда мұндай ауру келмейді. Мен Алланың атынан айтып отырмын. Қазір Ухань қаласында көшемен көше тұмауға қарсы дезинфекция жасап жүр ғой. Соның орнына қытай тілінде бар даусымен, микрофонмен болса да Құран сүрелерін айту керек. Жаңағы дерт ауамен тарайды емес пе, ауамен тараған дертке ауа­мен дауыс барады. Сөйтіп ол жаңағы дерт­ті қайтарады. Мі­не, айтарым сол сіздер­ге!

 

Бұл айтыл­ғандарды ке­мінде үш адам­ға тарқатсаңыздар, онда өзде­ріңізге берекет болады. Ал егер де мұны ертегі деп қоя салсаңыздар, онда өздері­ңіздің осы уақытқа дейінгі жиған күнәларыңызды Алла-тағала өздеріңізге азап түрінде қайтарады. Сол үшін Алладан қорқыңыздар, таратыңыздар барынша!»  – дейді ол.

 

...Міне, Қытайдағы коронавирусқа қатысты осындай да әңгімелер айтылып жатыр. Мұны кім қалай түсінеді? – Әркім өзі біледі.

 

М. ӘМІР.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ