Асқар Ақаевтың ұлы өмірден өтті

11.02.2020
Қаралды: 230

5-ақпан күні Мәскеу қаласында Қырғызстан республикасының тұңғыш Прези­денті Асқар Ақаевтың ұлы Айдар Ақаев өмірден өтті. 44 жасқа енді ғана аяқ басқан оның жүрегі кенеттен тоқтап қалыпты.

 

 

Бермет, Айдар, Саадат, Илим – экс-президенттің балалары. Айдар – ұлдың үлкені. 1976 жылы Ресейдің Ленин­град қаласында дүниеге келген ол 1998 жылы АҚШ-тағы Мэриленд университетін «Менеджмент және бизнес» мамандығы бойынша бітірген. 1999 жылы «Казкоммерцбанк» ААҚ Бішкектегі өкілдігінің директоры атанды. 2001 жылдың ақпанынан бастап Қырғызстан Қаржы министрінің кеңесшісі, 2004-2005 жылдары ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті және Қырғызстан республикасы бокс федерация­сының президенті болып қызмет атқарды.

 

Сондай-ақ ол Қырғызстандағы «Рентон-групп» компания­сының акция иегері, Бішкектегі «Манас» халықаралық әуежа­йының ортақ иесі, елдегі ең ірі «Бител» ұялы байланыс операторының басшысы болған.

 

Айдар Ақаев 2005 жылдың 18-қаңтарында Парламент сайлауына қатысқан. Ол 79,65 пайыз дауыс жинап, Парламентке сайланса да елдегі билік ауысқан соң сайлау нәтижелері жойылды. Сол жылдың наурыз айында экс-президенттің ұлы мемлекеттік қызметінен, депутаттық өкілеттігінен айырылып қана қоймай, республиканың Бас Прокуратурасы оның үстінен мемлекеттік қаражатқа қатысты қаржылық махинациялар мен бөтен мүлікті талан-тараж­ға салу деректері бойынша қылмыстық іс қозғаған.

 

Айдар Ақаевтың бірінші әйелі Гога Ашкенази атымен көпке танылған қазақстандық Гаухар Берқалиева болған деседі. Ал 22 жасында ол Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың қызы, 18 жастағы Әлия Назарбаеваға үйленді. Біракқ үш жылдан соң, 2001 жылы екеуі ажырасты. Көп ұзамай Айдар 21 жастағы тележүргізуші Сайкал Чокубаевамен бас қосқан. Қазіргі таңда екеуінің ортақ балалары бар көрінеді.

 

...6-ақпан күні Асқар Ақаевтың ағасы Чилтен Ақаевтың  да ұлы қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. 59 жастағы Кубан Ақаевтың жерлеу рәсімі Қырғызстандағы Кемин қаласында өткен.

 

"Замана".

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ